25 сәуірде Павлодар облысында күн суытады

25 сәуірде Павлодар облысында күн суытады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде ауа температурасы түнде 0...-5 градусқа дейін түссе, күндіз +5...+10 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады.

Облыс орталығында сынап бағанасы түнде -2...-4, ал күндіз  +8...+10 градусты көрсетеді. Күн бұлтты болады деп болжануда.