Павлодар облысында 500-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Павлодар облысында 500-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алаяқтар көбінесе алдау үшін жоқ тауарларды сатуды немесе қызмет көрсетуді пайдаланады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жыл басынан бері 498-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, жәбірленушілер күн сайын полицияға жүгінеді.

–  Қаскүнемдер өздерін банк қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қоңырау шалады да несиені заңсыз ресімдеу кезінде пайдаланатын жеке мәліметтерді алдау жолы арқылы біліп алады, – дейді департаментте. 

Полиция азаматтардан қырағы болуға шақырады. Банк ешқашан телефон арқылы клиенттің картасы туралы ақпаратты, оның нөмірін, артқы жағындағы кодты, карта иесінің аты-жөнін және оның қолданылу мерзімін, құпия сөзді сұрамайтынын есте ұстаған жөн. Егер әңгімелесуші осындай ақпаратты алуға тырысса немесе телефоныңызға банктен келген кодтарды хабарлауды сұраса, дереу сөйлесуді тоқтатыңыз.