Май ауданында бұрынғы әйелінің мазасын алған ер адам жазаланды

Май ауданында бұрынғы әйелінің мазасын алған ер адам жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол балағат  сөздер айтқан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Кешкі уақытта Май ауданының бір ауылында тұратын әйел 102 жедел арнасына хабарласып, бұрынғы күйеуіне шағымданған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы бұрынғы күйеуінің үйде  жанжал шығарғанын  анықтаған. 

–  Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылық әрекеттері үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, материал сотқа жолданды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Айта кету керек, полиция қызметкерлері барлық учаскелерде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және тұрмыстық қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында күнделікті негізде жұмыстар жүргізуде. 

Осы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша облыста отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар үшін 1651 азамат жауапкершілікке тартылып, 1361 қорғау нұсқамасы шығарылған, 311 құқықбұзушыға арнайы талаптар қойылған.