Екібастұзда түнде жеке үй өртенді

Екібастұзда түнде жеке үй өртенді

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

16 ақпан күні сағат 01:24-те Пішембаев көшесі, 11 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Кірпішпен қапталған жеке ағаш үйде жиһаз және ағаш қаптамалары жалпы алаңы 15 шаршы метрде жанған.

- Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Өрт 01:54-те жойылды, - деді Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар бөлімінде.

Өртті сөндіруге үш техника мен №2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының 14 адамы қатысты.

Фото: Константин Шелков