Павлодар облысында арнайы көліктердің қосалқы бөлшектері жасалатын болады
Өнімді шет елдерге жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл зауыт екі бағытта жұмыс істейтін болады. Біріншісі - локомотивтерге арналған өрескел шиналар, редуктор дайындамалары, дөңгелек орталықтары, деформациялық құралдарға арналған өнімдер жасалады. Екіншісі - локомотив және вагон өстерін өндіреді.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2024 жылы аталған өндірістік нысанның ашылуы жоспарланған. Жобаны іске асыру нәтижесінде 160 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Облыс әкімі Асайын Байханов кәсіпорындағы атқарылатын жұмыстармен танысып шықты.
– Өңіріміздің интеграцияланған теміржол кластері жаңа инвестициялық бағыттарды дамытуда. «Railcast Systems» ЖШС локомотив бандаждарын шығаратын зауыт - еліміз үшін өте қажетті жоба. Сұранысқа ие өнім шығару - өңіріміздің дамуының берік негізі,- деп жазды аймақ басшысы өзінің инстаграм парақшасында.
Айта кету керек, кешенде жылына 88 мың локомотивке арналған өрескел шина, 36 мың тепловоздар мен вагондар өсі, 9900 соғылған бұйым , 27 мың доңғалақ өндіретін болады.