Павлодар облысында боран мен көктайғақ күтіледі
18 сәуірде облыстың басым бөлігінде жел болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 2-14 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде боран, көктайғақ, түнде солтүстікте, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін болады деп болжанады.
Павлодарда күндіз бұлтты болады, аралас жауын-шашын, боран мен көктайғақ, сондай-ақ 15-20 м/с дейін қатты жел болуы мүмкін.
Түнде температура -12...-17, облыстың солтүстігінде -7°C дейін, күндіз 0...+5°C көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с құрайды.