Павлодарда ішімдікке тәуелді әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Ол бір айлық сынақ мерзімін өтпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Балалардың қараусыз қалғаны туралы көршілері полицияға хабарлаған. Солтүстік департамент қызметкерлері келгеннен кейін балалардың анасы тарапынан мұндай келеңсіздіктің бірнеше рет болғанын анықтаған. Бір ай бұрын сот әйелге сынақ мерзімін тағайындаған. Ол ішімдік ішуді қойып, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы керек еді.
– Түскен хабарламаға сәйкес, шақырту орнына келген полиция қызметкерлері пәтерде балалар мен орташа дәрежедегі мас күйінде болған ананы көрген. Әйелдің мас болғаны медициналық сараптама бойынша анықталды, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Балалар қазір дәрігерлердің қарауынан өтіп жатыр.
– Балалар қауіпсіздік үшін ауруханаға жатқызылды. Сауықтырудан кейін мемлекеттік мекеменің шешімімен балалардың үлкені облыстық балаларды қолдау орталығына, ал кәмелетке толмаған үш бала балалар үйіне жіберіледі. Ал ананың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік материал жиналып, сотқа жолданды, – деп атап өтті полицияда.
Павлодарда жыл басынан бері бала тәрбиесі бойынша міндеттерді орындамаудың 407 фактісі тіркелген. Өткен жылдың 11 айында бұл көрсеткіш жүзге жуық жағдайға азайған.