Павлодар облысында екінші ауысымның оқушылары үйде оқиды
Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлімдеді.
- 20 ақпан күнгі ауа райының қолайсыздығына яғни көктайғаққа байланысты Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы білім беру мекемелеріндегі екінші ауысымда оқитын барлық сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.
Үш қалада да көктайғақ салдарынан жарақат алу қаупі әлі де жоғары деңгейде сақталуда.