«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» сервистік орталықтарының жұмыс кестесі өзгереді

Төлемдерді онлайн түрде жүргізуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, 7 және 9 мамыр күндері барлық сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттері жұмыс істемейді.
8 мамыр, бейсенбі күні барлық сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттері толық жұмыс күні режимінде қызмет көрсетеді.
10 мамыр, сенбі күні келесі мекенжайларда орналасқан сервистік орталықтар жұмыс істейтін болады:
Павлодар қаласы: Кривенко көшесі, 27 (9:00 – 14:15); Ломов көшесі, 160 (9:00 – 14:15); Академик Сәтбаев көшесі, 101 (9:00 – 13:45).
Ақсу қаласы: Вокзал көшесі, 11 (9:00 – 14:15); Қамзин көшесі, 33 (9:00 – 14:15).
Төлемдерді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk) мобильді қосымшалары, сондай-ақ «Astana Plat» ЖШС (kassa.24) төлем терминалдары арқылы жүргізуге ұсыныс жасаймыз. Жеке кәсіпкерлер компаниямыздың қызметтері үшін төлемақыны «Kaspi Bank» (Kaspi.kz) АҚ мобильді қосымшасы және Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы деректемелер бойынша жүзеге асыра алады.