Екібастұзда су қысымын уақытша төмендетеді

Екібастұзда су қысымын уақытша төмендетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, 23 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап (дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні) жұмыс аяқталғанға дейін (болжамды уақыт – сағат 6:00) «Екібастұз қаласының №2 ТСИ II көтергішінің сорғы станциясын қайта жаңарту» жобасын іске асыру үшін, жөндеу жұмыстары кезінде қаладағы су қысымы бойынша уақытша шектеулер енгізілетін болады.

Кәсіпорын қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.

Қосымша ақпаратты +7(7187)34-78-27, +7(7187)77-50-39 нөмірлері арқылы диспетчерлік қызметпен, +7(775)353-21-07 WhatsApp нөміріне жазып, +7(7187)77-50-44, +7(7187)77-50-45 нөмірлері арқылы абоненттерді қолдау орталығымен байланысу арқылы немесе www.ekbwater.kz сайты арқылы алуға болады.