Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Өңірде қар мен бұрқасын болжануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурыз күні аймақта қар жауып, жаяу бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.