Павлодар облысында "Ертіс орманы"шаруашылығында басталған өрт оқшауланды
Күннің аптап ыстығына байланысты аймақта өрт қаупі жоғары. ТЖ департаментінің күштері мен құралдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт сөндірушілердің күштері "Ертіс Орманы"орман шаруашылығындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды.
- Үш жерде шыққан тілсіз жауды ауыздықтау үшін бір мезгілде өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Шарбақты ауданында, Сейтенов орманшылығындағы өрт оқшауланды. Онда орман жамылған аумақта орман қоқыстары, 0,43 га алқапта өлі ағаш жанып жатыр, - делінген хабарламада.
Сол жерде 33 адамнан тұратын орман қорғау қызметкерлері, сондай-ақ 11 бірлік техника жұмыс істеуді.
Ал Аққулы ауданында, "Ертіс-Орманы" РММ филиалының Бесқарағай және Тойбоғар орманшылықтарында екі өрт толығымен жойылды.