«Богатырь Көмір» ЖШС-де жұмысшы биіктіктен құлады

«Богатырь Көмір» ЖШС-де жұмысшы биіктіктен құлады
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккен ер адам реанимация бөлімінде жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының еңбек басқармасының мәліметінше, 18 шілде күні «Богатырь» компаниясының қызметкері 18 метрден құлады.

– Кәсіпорынның 49 жастағы жол жөндеушісі биіктіктен құлап, жарақаттар алған.  Қазіргі таңда тергеу ұйымдастырылуда, – дейді басқармада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамға компьютерлік томография арқылы миын, кеудесін, жамбасын тексерді.

Ақ халаттылардың қабылдауынан кейін науқас Екібастұз қалалық ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.