Павлодар облысында физика бойынша инженерлік хакатоннан үздіктер анықталды

Павлодар облысында физика бойынша инженерлік хакатоннан үздіктер анықталды

Бұл дода оқушылардың инженерлік-техникалық құзыреттіліктерін дамытуға және ғылыми-техникалық шығармашылықпен айналысуға ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы білім басқармасының мәлімдеуінше, хакатонда облыстағы аудандық және қалалық мектептердің командалары жарысты. 

- Балалар қарапайым құрылғылардың көмегімен тұрмыстық заттардың физикалық шамаларын табуға арналған "Биатлонның" практикалық тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ физикалық заңдар мен құбылыстарды басшылыққа ала отырып, жаратылыстану пәндерінің тоғысындағы өзекті мәселелерді шешті, - делінген хабарламада.

Тапсырмаларды №8 лицейдің физика пәні мұғалімдерінің және "Торайғыров университеті" КЕАҚ инженерия кафедрасының ғалымдары жұмыс істеген.

Хакатонның қорытындысы бойынша 1-орынды "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің "F 1" командасы,  № 8 лицей-мектебінің "Инженерлер" және "Фотон" командасы иеленді. Ал 2- орынды 8 лицей-мектебінің "Позитрон" командасы еншіледі. Сонымен қатар, 3-орынды дарынды жастарға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының "BILPORT" командасы, Баянауыл ауданының № 2 Майқайың жалпы орта білім беретін мектебінің "Галилео" командасы өзара бөлісті.

Айта кетелік, хакатон қатысушылары ми шабуылы мен командалық жұмыс арқылы күрделі мәселелерді шешуге, өз дағдыларын көрсетуге, жаңа нәрселерді үйренуге, пікірлес адамдарды табуға тамаша мүмкіндік алды.