23 мамырда Павлодар облысында жауын күтіледі
Күн бұлтты болады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай болады. Солтүстік жел 9-14, найзағай кезінде 18 м / с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 22-27 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық болжанады. Жауын-шашын күтілмейді. Солтүстіктен соққан жел 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 градус ыстық болады.