Павлодарда Рубик кубигін құрастыру шеберлері бақ сынасады

Павлодарда Рубик кубигін құрастыру шеберлері бақ сынасады
Фото: pexels.com / Jadson Thomas

Спидкубинг турниріне 7-14 жас аралығындағы оқушылар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

10 маусым күні сағат 10:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» базасында мектеп оқушылары арасында «Спидкубинг» – Рубик кубигін жылдам құрастыру бойынша ашық қалалық турнир өтеді.

Спидкубинг – жылдамдық, дәлдік және стратегияны талап ететін, балалар арасында танымал дамытушы хобби. Қатысушылар екі жас санаты бойынша бөлінеді: 7-9 жас және 10-14 жас. Әр мектептен 1-ден 3-ке дейін қатысушы ұсынылады. Әр қатысушы өзінің жеке 3x3 классикалық Рубик кубигін алып келуі қажет, – деді турнир ұйымдастырушылары «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы.

Турнир барысында әр қатысушының құрастыру уақыты тіркеледі. Ең үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар грамоталармен марапатталады.