Павлодарда қызмет көрсету өкілдері біліктіліктерін арттырды

Павлодарда қызмет көрсету өкілдері біліктіліктерін арттырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сабақтар ситуациялық режимде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» жобасы бастау алды.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және қызметкерлерді күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға ынталандыру.

– Жалпы 80 сағаттық бағдарлама, аптасына бес сағат сабақ өтеді. Сабақтар ситуациялық режимде өтеді. Оқу кезінде тыңдаушылар өз қызметіне қатысты қажетті сөздік минимумды меңгереді, – деді басқармасының бас маманы Ержан Төкенов.

Жоба бойынша қазақ тіліне 2025 жылдың соңына дейін 150 қызмет көрсету өкілін оқыту жоспарланған. Бүгінгі күні 45 маман оқытылуда.

Жобаға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Павлодар магистральдік желі бөлімшесі» филиалының қызметкерлері, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ мен «Ақсу су арнасының» жұмысшылары қатысуда.

Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.