Павлодар облысында инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмыс күшейтілуде
Облыстық кәсіпкерлер палатасында өңір компаниялары мен қала прокуратурасы өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жиында кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
«Атамекен» ӨКП прокуратура органдарымен бірге Қазақстан Президентінің инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде проблемалық мәселелерді белгілеу және шешу туралы тапсырмасын орындай отырып, оларды одан әрі сүйемелдеу үшін осындай жобалардың пулын өзектендіреді.
– Қадағалау органы осы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін өз кәсіпорындарында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін бизнес өкілдерін қабылдауды ұйымдастырды, – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
«RTF ACTIKA» ЖШС, «Энергоремкомплект» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Format Mach Company» ЖШС, «INTERTRANS C. A.» ЖШС өкілдері өз мәселелерін айтып берді.