Павлодарда Шәкәрім оқулары өтті

Павлодарда Шәкәрім оқулары өтті
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Байқау төрт номинация бойынша өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, қалалық беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы № 7 мектепте облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты – дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, қазақтың философ-ойшылы, ақын, жазушы және аудармашы Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармашылығын зерттеу және білу. 

Қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінің 8-11-сынып оқушылары қатысты.  Байқау қорытындысы бойынша 85 талантты оқушы оқуда өз шеберліктерін көрсетті, оның ішінде 45 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 4, II орын - 14, III орын - 27.

«Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» номинациясында І орынды Кенжекөл мектебінің 8-сынып оқушысы Хамро Бақытжан Шәкәрімнің өлеңдерін, поэзиясы мен поэмасынан үзінділерді жатқа оқығаны үшін иеленді.  

№ 24 мектептің 9-сынып оқушысы Исатай Әмір Шәкәрім әндерін орындап, «Ән - өлшеуіш, өлең – күміс» номинациясында I орын алды.   «Арыңнын болсын өлең айнасындай» номинациясы бойынша І орынды № 35 мектептің 9-сынып оқушысы Аманжолқызы Әмира иеленді.  «Шәкәрім әлемі» номинациясы бойынша I орынды «Шәкәрім Құдайберді өлеңдеріндегі адамдық борыш көркемдігі» тақырыбына жазған эссе үшін № 43 мектептің 11 сынып оқушысы Савельева Елизавета алды.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды. Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың қаңтар айында облыстық кезеңге қатысады.