Ертіс ауданының тұрғындары қаржылық сауаттылықты үйренді

Ертіс ауданының тұрғындары қаржылық сауаттылықты үйренді
Фото: ұйымдастырушылардан

Ауданда 26-28 наурыз аралығында «Қарыз қоғам» жобасы аясында халықты оқыту өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазірдің өзінде ауданның 87 тұрғыны онлайн оқытудан өтті. Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округтерінің тұрғындары оффлайн режимінде оқыту және кеңес алу үшін келді.

Биылғы жылы қаржылық сауаттылыққа оқыту жаңа форматта жүргізілуде және нақты тұлғаға, атап айтқанда, «қарыз үңгірінен» шығуға көмек көрсетуді ұйымдастыру, қарызды өтеуді шешу жолдарын іздеу, отбасы бюджетін жоспарлау және бақылау.

Тәлімгер өзіне хабарласқан әрбір адаммен жеке консультация жүргізді. Оның несиелік тарихын талдап, қаржылық мәселені шешудің мүмкін жолдарын түсіндірді.

– Халықты өз мүмкіндігіне қарай өмір сүруге және қажетсіз несиелерден бас тартуға үйрету – «Қарыз қоғам» жобасының басты мақсаттарының бірі. Егер бірінші күні адамдар маған сенімсіздікпен қараса, келесі күні олар келіп, қарыздарына себеп болған проблемалары мен өмірлік жағдайлары туралы айтты. Тәжірибе көрсеткендей, осы күрделі әлеуметтік мәселені шешу үшін қоғамда жаңа «қаржылық мәдениетті» қалыптастырудың маңызы зор, – дейді ұйымдастырушылар. 

Айта кету керек, жобаға қатысу тегін және қызығушылық танытқандарға ыңғайлы болу үшін www.qogamfin.kz онлайн платформасы жұмыс істейді. Веб-сайт арқылы оқуға жазылуға, пайдалы материалдар мен бейне оқулықтарды жүктеп алуға болады.