Павлодар облысында кейбір аудандарда топырақта сәйкессіздік анықталды
Мүдделі органдарға профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы ақпарат жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың тоғыз айында санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша бірқатар аудандарда топырақ сынамаларында 2,6% гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік анықталды. ШРК деңгейі Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары, Павлодар, Екібастұз қалаларында артқан.
– Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 1,6% Аққулы ауданында және Екібастұз қаласында, паразитологиялық көрсеткіштерге сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік – 0,7% Ақсу және Екібастұз қалаларының бақылау нүктелерінде гельминт жұмыртқалары табылды, – дейді департаментте.
Сәйкес келмейтін сынамалардың нәтижелері бойынша мүдделі органдарға профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы ақпарат жіберілді. Пайдаланушы ұйымдар аумақты қоқыстан тазарту және құмды ауыстыру бойынша іс шаралар жүргізді. Топырақ сынамаларын қайта іріктеу нәтижелері бойынша нәтижелер гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.