Павлодарда Жібек жолындағы асфальттің сапасы тексерілді

Павлодарда Жібек жолындағы асфальттің сапасы тексерілді
Фото:@jolsapa__pavlodar

Жабынның сынамалары зертханаға жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жол активтері сапасы ұлттық орталығы Павлодар филиалының мамандары Жібек жолы көшесінің ағымдағы жөндеуін тексеруде. Жол-құрылыс материалынан 22 сынама алынды.

– Керн кескінінің қалыңдығы нормаларға сәйкес келеді. Сапалық сипаттамаларды анықтау үшін олар жол зертханасында сынақтан өтеді, – деп түсіндірді инженер Мейрамбек Ниязов.

Жол-жөндеу жұмыстары маусымы басталғаннан бері филиал мамандары 704 объектіден 1650 жол құрылыс материалы сынамасын алды. Олардың 108-і талап етілетін нормаларға сәйкес келмейді.

Тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдарға анықталған бұзушылықтарды жою үшін хаттар жолданды.