Павлодар ормандарында құстарға арналған үйшіктер салынуда

Осылайша облыс тұрғындары құстардың көбеюіне үлес қосуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бесқарағай орман шаруашылығының инспекторлары, бас орманшы Бақұстар Қасымов, инспекторлар мен «Жас орманшы» мектеп орман шаруашылығының мүшелерімен бірлесіп, 1 сәуірде өтетін Құстар күніне орай құс үйшіктерін жасап, орнатты.
– Бұл акция құстарға көмектесіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің тамаша үлгісі болып табылады. Бұр арқылы біз құстардың санын көбейтіп, табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектесеміз, – дейді Бақұстар Қасымов.
Ал Баянауыл ұлттық саябағының орманшылары мерекеге орай 50 үйшік дайындап жатыр. Мамандардың айтуынша, олар саябақтың аумағын күзетіп қана қоймай, қанаттыларға да үнемі қамқорлық жасайды.
Сондай-ақ, «Парктер шеруі – 2025» экологиялық акциясы аясында Шақа жалпы білім беретін мектептің орман шаруашылығының қызметкерлері құстарға ерекше үйшік дайындады. Наурыз мейрамына орай қазақтың киіз үйінің кейпінде құс үйін жасады.
Фото: "Ертіс Орманы"