Павлодарлықтарды сенбілікке шақыруда

Павлодарлықтарды сенбілікке шақыруда
Фото: pexels.com / Catherine Sheila

Қатысушылар пластик қалдықтарын жинап, аумақты тазартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жасыл ел» өңірлік штабы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым күні сағат 9:00-де Усолка шағын ауданының жағалау аймағында «Таза Қазақстан» республикалық науқанының аясында «ECO DAY» экологиялық іс-шарасы өтеді.

Сіздерді аумақты тазарту және пластик қалдықтарының мөлшерін бақылау жөніндегі бастамамызға қосылуға шақырамыз. Біз бірлесіп экологиялық жағдайды жақсартуға, қаламыздың таза әрі көрікті болуына зор үлес қоса аламыз, – делінген хабарламада.

Қатысушыларды жинау автокөлік көпірінде өтеді.