Жұма күні Павлодар облысында жаңбыр, бұршақ жауады

Жұма күні Павлодар облысында жаңбыр, бұршақ жауады
Фото: Константин Шелков

Ауа температурасы түнде +15...+20, күндіз +24..+29 градус болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. 

Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа рай сақталады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Ауа температурасы түнде +16..+18, күндіз +26..+28 градус көрсетеді.