Павлодар облысында көлік кюветке түсті, зейнеткер көз жұмды
103 қызметінің қызметкерлері 6-9 шілде аралығында қарқынды және күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 7 шілдеде Пограничник ауылы ауданындағы тас жолда екі көлік соқтығысқан. Зардап шеккен 2013, 2016 және 2020 жылдары туған үш ұл бала облыстық ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ апат орнынан 18 жастағы қыз Ақсу қалалық ауруханасына жатқызылды. 37 жастағы әйел мен 41 жастағы ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.
– 9 шілдеде сағат 08.06-да «103» пультіне Семей қаласына апаратын республикалық тас жолда көлік кюветке ұшып кеткені туралы хабарлама түскен. Екі медициналық топ оқиға орнына 7 минуттан кейін болды. Әртүрлі жарақаттардан зардап шеккен төрт адам – 65 жастағы әйел, 35 жастағы ер адам, 7 жастағы қыз және 4 жасар бала Аққулы аудандық ауруханасына жеткізілді, – дейді станцияда.
Тағы бір мұндай жағдай төрт сағаттан кейін Тереңкөл ауылының маңындағы жолда орын алды. Шұғылдықтың бірінші санаты бойынша орнына екі жедел жәрдем вагоны жіберілді. Өкінішке орай, ауыр жарақат алған жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бірі – 65 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмады. 46 жастағы екінші әйел № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. 11 жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ 67 жастағы атасымен бірге 4 жасар бала да ауруханаға жіберілді. Ол апат кезінде көлікте болған, бірақ қатты зардап шекпеген.