Павлодар облысында фура жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысты
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, апат 5 маусым күні сағат 16:05 шамасында Павлодар – Қызылорда автожолында болған.
- 55 жастағы Volvo жүргізушісі 62 жастағы жүргізушінің басқаруымен жол бойында тұрған жүк көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.
Апаттың мән-жайы анықталуда.