Павлодарда подъезде пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілердің зәресін ұшырды (ВИДЕО)
Оқиға Назарбаев даңғылы, 287 бойынша орналасқан жетінші подъезде орын алған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Аталған үйдің тұрғындары әлеуметтік желіде ер адамның пышақпен жүгіріп жүргені туралы жазған.
– Сол жерде балалар алаңы орналасқан. Көршілермен жанжалдасқаны туралы бірнеше рет полицияға шағымданған едік, алайда ешқандай шара қабылданбайды. Көршілер қорқып қалды. Нені күтіп отырғаны белгісіз! Біреу зардап шегуі керек пе? Мұндай адамды мәжбүрлі емге жатқызу керек! – деп жазады автор.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1986 жылғы ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызылған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған. 19 маусым, яғни бүгін материал сотта қаралады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram