Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Апат салдарынан жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды @pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Пішембаев – Қазбек Нұралин көшелерінің қиылысында Mitsubishi көлігі мен «Газель» автокөлігі жол апатына ұшыраған.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Автомашиналар мамандандырылған тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.