Павлодар облысында макарон өнімдері қымбаттады
Облыстық статистика департаменті 2023 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексін ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Азық-түлік тауарлары тобында нан өнімдері мен жарма бағасының 1,5%-ға, оның ішінде макарон өнімдері 3,5%-ға, күріш – 2,3%-ға өсті. Ет бағасы 0,8%-ға, оның ішінде сиыр еті 1,1%-ға, жылқы еті – 0,4%-ға, шұжық өнімдері 2,7%-ға, балық және теңіз өнімдері – 1,4%-ға, қышқыл сүт өнімдері бағасы 1%-ға, сүт өнімдері – 0,9%-ға, майлар және тоң майлар 0,7%-ға қымбаттады.
– Көкөністер және жемістердің ішінде қырыққабат бағасының 3,5%-ға, пияз – 2,3%-ға, сәбіз – 1,1%-ға, алма – 0,8%-ға, картоп – 0,5%-ға өсуі байқалды, – деп жазылған хабарламада.
Азық-түлік емес тауарлары бойынша шағын тұрмыстық аспаптар бағасының 1,1%-ға, фармацевтикалық өнімдері және автомобильдер 0,9%-дан, киім және аяқ киімдері – 0,4%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдар 0,1%-ға өсті.
Ақылы қызметтер көрсету саласында білім беру қызметтері 4,2%-ға, амбулаториялық қызметтер – 3%-ға, байланыс қызметтері – 0,7%-ға, көлік қызметтері – 0,4%-ға қымбаттады.