Павлодар облысында мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуеті нығайтылады

Павлодар облысында мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуеті нығайтылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Құжатқа облыс әкімінің аппараты, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, сондай-ақ Еңбек ұтқырлығы орталығы қол қойды.

Меморандум Павлодар облысының мемлекеттік қызметінің кадрлық әлеуетін арттыруға, мемлекеттік қызметке жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қолдау көрсетуге және азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу кезінде тең құқық қағидатын сақтауына бағытталған.

Қол қойылған келісімге сәйкес, бос орындар туралы ақпарат тек eQyzmet ашық порталында ғана емес, сонымен қатар Enbek.kz платформасында да жариялануы тиіс.

– Меморандум аясында облыстың мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтері қатысуымен бос орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылады, сондай-ақ жастар практикасын жүргізу бойынша өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі, – деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент басшысы Мадияр Әбілдин бірлескен жұмыс азаматтардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттырып, оны барлық тілек білдірушілер үшін ашық әрі қолжетімді ететінін атап өтті.