Павлодар қаласының әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Кездесуде тұрғын үй, жер, көпқабатты үйлерге қызмет көрсету және әлеуметтік мәселелер талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Хасар Хабылбеков тұрғындардың түйткілді мәселелерін тыңдап, әрбір өтініш бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. Проблемалық мәселелерді шешу барысын жеке бақылауға алды.
Қала әкімдігінде тұрғындар өз өтініштерін E-gov порталы, E-otinish.kz немесе «Азаматтарды қабылдау орталығына» (Кривенко көшесі, 25, 1-қабат, терезе 29) немесе +7(7182)32-25-23, +7(7182)32-55-05 нөмірлері арқылы жолдай алатынын еске салды.