Павлодарлық балуан Қазақстан чемпионатында топ жарды
Республикалық турнирге елдің 13 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмет Шынтайұлын еске алуға арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы «Алыш» белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты өтті.
90 келі салмақ дәрежесінде ерекше көзге түскен Марғұлан университетінің 3-ші курс студенті Ерен Сәбит Павлодар қаласының намысын қорғап, жоғары дайындық пен мықты техникасын көрсетті.