Павлодар облысында мыңнан аса үй жануарының иесі жазаланды

Полицейлер иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендетудің негізгі ережелерін еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Учаскелік инспекторлар саябақтарда, скверлерде және көшелерде үй жануарларының иелерімен түсіндірме әңгімелер жүргізеді.
Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бастап иттер мен мысықтарды күтіп-бағу мен серуендетуді бұзғаны әкімшілік жауапкершілікке 1382 үй жануарларының иелері тартылды.
– Жиі бұзушылықтар – иттерді тұмсықсыз және байлаусыз серуендеу. Көшеде еркін жүретін агрессивті ит айналадағылардың барлығына қауіп төндіреді, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінде.
Иттерді серуендету кезінде иелері келесі талаптарды орындауы керек: иттерді ұстау орындарынан шығарып, оларды айналасындағыларға алаңдаушылық пен кедергі келтірместен қысқа қарғыбаумен серуендету.
Итте тұмылдырық мен қарғыбауының болуы қауіпті жағдайлардан алдын алады. Өйткені жануарлар агрессияны көрсетіп, жолдарда апаттар тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, қала аумағында иттерді қоршалған балалар мен спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мен мектеп, емдеу мекемелерінің аумақтарында, тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде серуендетуге тыйым салынады
Құтыруға қарсы міндетті вакцинациядан өтпеген иттерді серуендетуге тыйым салынады.
Иелері иттерді қоршалған аумақта ұстап, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуыл жасауды және өтіп бара жатқан адамдарға шағуды болдырмауы керек. Иттің болуы туралы аумаққа кірген кезде тиісті ескерту тақтайшасы орналастырылуы керек. Иттерді серуендету кезінде иелері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуі керек деп қорытындылады ведомствода.