Павлодар облысында осы аптада ыстық ауа райы сақталады
Жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 5 тамызда күндіз ауа райы +24...+29 °С жылы болады.
6 тамызда жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30 °С-ты көрсетеді.
7 тамызда найзағай күркіреп, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30°С ыстық болады.
8 тамызда желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30°С, ал облыстың оңтүстігінде +33°С-ты көрсетеді.
9 тамызда бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30°С ыстық болады.
Сенбіде де жаңбыр жауады деп болжануда. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +22...+27°С ыстық болады. Жексенбіде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +20...+25°С жылы болады.