Павлодар облысында полицей алаяқтардың 6,5 млн теңгелік несиесін тоқтатты

Павлодар облысында полицей алаяқтардың 6,5 млн теңгелік несиесін тоқтатты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қоскөл ауылының тұрғынына рәсімделген жалған ипотеканы учаскелік инспектор дер кезінде бұғаттатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қоскөл ауылының тұрғыны Константин Пэдуриге өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, оның атына ипотекалық несие рәсімделгенін айтқан. 

–Алаяқтар ер адамды ұзақ уақыт бойы бейнебайланыста ұстап, ешкімге хабарласпауға және тек олардың нұсқауларын орындауға көндірген. Сонымен қатар оның телефоны бақылауда екенін айтып, қорқытқан. Қауіпті жағдайды байқаған Константиннің туыстары дереу учаскелік полиция инспекторына хабарласқан. Өтінішке жедел ден қойған Талғат Зайниденов алаяқтардың әрекетін тоқтатып, заңсыз рәсімделген несиені уақытында бұғаттауға ықпал етті, – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, Константин Пэдури учаскелік инспекторға кәсібилігі, мұқияттылығы және дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіріп, оған мықты денсаулық пен қызметінде табыс тіледі.