Павлодарда сауда үйінен елу шақты адам эвакуацияланды

Павлодарда сауда үйінен елу шақты адам эвакуацияланды
Фото: pokayadoma.ru

Оқиға орнына 6 техника мен 19 қызметкер шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусымда сағат 15.06-да 112 басқару пультіне «City Centr» сауда үйінің екінші қабатындағы бутиктердің бірінде 0,5 шаршы метр алаңда заттардың жанғаны туралы хабарлама түскен.

– Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40 адам өз бетінше эвакуацияланды, ТЖД қызметкерлері баспалдақпен 9 адамды эвакуациялады, – деді департаментте. 

Өрт сағат 15.18-де оқшауланып, сағат 15.30-да жойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Заттардың неден  тұтанғаны және келтірілген залал көлемі анықталуда.