Павлодарда бір ай бұрын жоғалған әйел мен жігітті іздестіруде
Лидия Кукшина 8 мамыр күні Қамзин көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілерінің айтуынша, бойы - 155 см, көздері қоңыр, аяғын сылтып басады. Қолы мен басында тыртықтары бар.
– Кеше біздің @ poiskoviki_pavlodara_vita іздеу жүйелері шамамен бір ай бұрын жоғалып кеткен адамды іздеуді жалғастырды. Біз Лидия жүруі мүмкін ауданды пысықтап, жергілікті тұрғындармен сөйлестік. Барлық медициналық мекемелерді тексердік. Куәгерлердің айтуынша, қазіргі уақытта ол өз ауданында жүруі мүмкін, – дейді еріктілер.
Сондай-ақ еріктілер хабар-ошарсыз кеткен Рауан Махмудовты іздеу шараларын жүргізуде. 2003 жылы туған жігіт Назарбаев даңғылы бойындағы өз үйінен 7 маусым күні велосипедпен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бойы - 175 см, көздері қоңыр, дене бітімі арықша келген, оң жақ аяғын сылтып басады.
Бұл екі адамның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.