Павлодарда үш көлік соқтығысты

Павлодарда үш көлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Көліктердің бірі – қоғамдық көлік, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кешкі уақытта Н.Назарбаев даңғылы мен Ак. Шөкин көшелерінің қиылысында «Mercedes Benz 240 Е» көлігі мен «Skoda SuperB»  соқтығысқан. Соққы салдарынан «Skoda SuperB» көлігі қозғалысын жалғастырып, «Golden Dragon» қоғамдық көлігімен соқтығысқан. 

– Аталған факті бойынша «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді, көлік айыптұраққа қойылды, – дейді департаментте. 

Еске сала кетейік, Н. Назарбаев даңғылында жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Апат салдарынан жаяу жүргінші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.