Павлодар облысында республикалық маңызы бар тас жолы жабылды
Оған ауа райының күрт нашарлауы себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, кешкі сағат 18:30-дан бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» республикалық манызы бар автожол учаскесінде Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін қозғалыс шектелді. Қоғамдық және жүк, дизелді көліктері үшін жол жабық.