Павлодарлық әйелдерге өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйретеді

Павлодарлық әйелдерге өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйретеді
Фото: pixabay.com / klimkin

Сабақтарды үш жылдық тәжірибесі бар нұсқаушы береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«TAUAN» қоғамдық қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, 3-4 тамыз күндері сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау бойынша тегін тренингтер өтеді.

Шеберлік сағаттарын «ESD Global» әдістемесі бойынша сертификатталған нұсқаушы Алина Темірғалиева ұйымдастырады. Ол 3 жылдан бері балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге өзін-өзі қорғауды үйретіп келеді.

ESD (Empowerment Self-Defence) – қауіп төнген немесе шабуыл жасалған жағдайда физикалық, ауызша және эмоционалды өзін-өзі қорғау стратегияларын қолдануды үйренетін қауіпсіз ортаны құруға бағытталған жаттығулар.

Әрбір қатысушы жеке өсу мен қауіпсіздік үшін құнды білім ала отырып, күнделікті өмірде ESD-ні үйренуге және қолдануға кірісе алады. Бізге қосылыңыз және кез келген жағдайға дайын боласыз! – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ұйымдастырушылар жаттығуды орындау үшін ыңғайлы киім киюге кеңес береді.

Тіркелу үшін «Instagram» парақшадағы профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша өту керек. Өткізу орны туралы ақпарат тек қатысушыларға хабарланатын болады.