Павлодар облысында жетім балалардың болашақ тәлімгерлері аттестацияланады

Павлодар облысында жетім балалардың болашақ тәлімгерлері аттестацияланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бірақ тестілеуден бұрын екі апта бойы арнайы курсты өту керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылғы 30 сәуірде Оқу-ағарту министрлігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтарды міндетті түрде оқытуды белгілеу туралы бұйрық қабылдады. Жаңа талап қазіргі менторларға жатпайды.

– Тәлімгер қорғаншылар мен қамқоршыларға қойылатын барлық талаптарға сай келетін кәмелетке толған әр азамат болуы мүмкін. Тәлімгерлік жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 10 жасқа толған балаларды қолдауға бағытталған, – деп атап өтті білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы Жібек Айтмұхамбетова.

Балаға тәлімгер болмас бұрын, тәлімгерлік ұйымдар ұсынатын тренингтен өту керек. Үміткерлер жазбаша өтініш беріп, қажетті құжаттарды ұсынады. Курстар екі аптадан аспайды. Кейін тестті тапсырып, біліктілікті растайтын сертификат алуға болады.

Айта кетейік, тәлімгерлік институты Қазақстанда 2024 жылы енгізілді. Бұл механизм білім беру ұйымдарының студенттерін тәуелсіз өмірге дайындауға көмектеседі.