Павлодар облысында сәуірдің соңғы аптасы жаңбырлы болмақ

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 сәуірде облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, облыстың солтүстігінде, шығысында -3°С, ал күндіз +13...+18°С-қа дейін көтеріледі.
23 сәуірде түнде де, күндіз де қар аралас жаңбыр, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +17...+22°С жылы болады.
24 сәуірде түнде жаңбыр жауады. Сынып бағанасы түнде 0...+5°С, облыстың солтүстік-шығысында -3°С, ал күндіз +8...+13°С көрсетеді.
25 сәуірде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, облыстың солтүстік-шығысында -3°С, ал күндіз +13...+18°С жылиды.
Сенбіде күн ашық болды. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +17...+22°С көрсетеді.
Жексенбіде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +20...+25°С-қа дейін жылынады.