Павлодарлық кәсіпкерлер демеушілерге үндеу тастады
Қайырымдылық іс-шара 1 маусымға орай жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Еріктілер Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қиын жағдайға тап болған балаларға барып, сыйлықтар табыс етуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты павлодарлықтарды балаларға қуаныш сыйлауға атсалысуға шақырады.
Еріктілер өздерінің Instagram-аккаунтында қажетті заттардың тізімін жариялады:
- балаларға арналған велосипед;
- жасөспірімдерге арналған велосипед;
- скутерлер;
- су тапаншалары;
- батпырауықтар;
- футбол, баскетбол, волейбол доптары;
- музыкалық бағандар;
- толокарлар (сырғанауға арналған үлкен машиналар);
- косметикалық жиынтықтар (кез келген) және косметикалық сөмкелер;
- шоколад, шырындар, торттар, жемістер.
Анықтама телефоны: 8-747-615-55-63.