Павлодар облысында сайлау учаскелері ашылды
Кешкі сегізге дейін дауыс беруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы басталды.
Павлодар облысында таңғы жетіден бастап 523 сайлау учаскесі іске қосылды. Олардың жүзден астамы облыс орталығында орналасқан.
Сайлау учаскелері сағат 20: 00-ге дейін ашық болады. Облыста сайлауда дауыс беруге құқығы бар 512 200 кәмелетке толған тұрғын бар.