Павлодар облысында ТЖМ тікұшағы науқастың өмірін сақтауға атсалысты
Оның денсаулығы күрт нашарлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Железинка ауылында 1972 жылы туған тұрғынның денсаулығы күрт нашарлап, оны шұғыл түрде облыс орталығына жеткізу қажеттілігі туындады.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жедел түрде әуеге көтерілді. Экипаж медициналық қызметкерлермен бірлесіп, науқасты Павлодар қаласына аман-есен жеткізді.
Мамандардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында азаматқа қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.
ТЖМ тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында шұғыл жағдайларда әуе көлігі арқылы көмек көрсету жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.