Шекарадан есірткі өткізгені үшін 15 жыл: Павлодарда сот үкімі жарияланды

Шекарадан есірткі өткізгені үшін 15 жыл: Павлодарда сот үкімі жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қырғызстандық есірткіні қарбыздың ішіне жасырып өткізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қырғыз Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қарбыз жүгінің ішінде жасырылған тыйым салынған заттарды заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылды.

– Тергеу нәтижесінде 59 килограммнан астам героин мен 10 килограмм гашиш тәркіленді. Сот шетелдік азаматты кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сот Қазақстан Республикасының азаматын осы ауыр қылмыс туралы алдын ала біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл жағдай есірткінің заңсыз айналымы ауыр салдарға әкелетінін тағы бір мәрте дәлелдейді. Құқық қорғау органдары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту бойынша жұмыстарын жалғастыруда.