Павлодар облысында түлектерге мамандық таңдауға көмек көрсетіледі

Павлодар облысында түлектерге мамандық таңдауға көмек көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары Айгүл Мәлікова өңірлік жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кеңес барысында жоспарланған іс-шараларды орындау және жастар арасында Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері талқыланды.

– Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шараларды жүзеге асыру жалғасуда. Колледждер кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді, практикалық сабақтар, кездесулер және өндірістік турлар ұйымдастырылады, – деп жазды Айгүл Мәлікова Іnstagram парақшасында. 

Жұмысты жандандыру үшін білім басқармасына бейінді құрылымдармен бірлесіп, 9-сынып оқушыларының өндірістерге баруының нақты кестесін әзірлеу тапсырылды.

Келесі маңызды мәселе – кадрларға деген қажеттілік. Мамыр айының басында техникалық және кәсіптік оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. Осыған байланысты Жұмыспен қамту басқармасына өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы өзекті ақпарат беру, қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне Жұмысшы мамандықтар жылының іс-шараларын өткізуді жандандыру, оларды ақпараттық сүйемелдеуді күшейту жүктелді. 

Сондай-ақ «MamandyqFest-2025» облыстық іс-шарасы аясында өндірістік алаңдардың көрмесін ұйымдастырылмақ. Бұл оқушылар мен ата-аналарды нақты мамандықтармен таныстыру үшін тиімді алаң болады.