Павлодар облысында кітаптар мен кеңсе тауарлары арзандаған

Павлодар облысында кітаптар мен кеңсе тауарлары арзандаған
Фото: pixabay.com/Kollinger

Өңір аталған тауар түріне баға арзан бес өңірдің қатарында, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ҚР-да баспа қызметі саласында 75,3 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 7,4%-ға артық. Алайда НИК 94,6% құрады, бұл көрсетілген қызметтердің нақты көлемінің 5,4% -ға азаюын білдіреді.

Айта кету керек, қазақстандық отбасылардың газеттерге, кітаптарға және кеңсе тауарларына шығындары 2024 жылдың төртінші тоқсанында 2,7% -ға қысқарып, үй шаруашылығына орта есеппен 1,5 мың теңгені құрады.

Әсіресе Алматы тұрғындары тауарлардың осы санатына көп қаржы жұмсаған: тоқсанына отбасына орта есеппен 2,3 мың теңге. Одан кейін Астана (2,2 мың тг), сондай-ақ Қызылорда (2 мың тг), Қарағанды (1,8 мың тг) және Ақтөбе (1,7 мың тг) облыстары тұр. Сектордағы ең аз шығыстар Шымкентте (тоқсанына орта есеппен үй шаруашылығына 239 теңге), сондай-ақ Маңғыстау (505 теңге) және Түркістан (638 теңге) облыстарында тіркелді.

Бұл ретте сектордағы бағалар өсуде. Ағымдағы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша кітаптар мен кеңсе тауарлары жылдық мәнде 2,4% өсті. Оның ішінде кітаптар 1,9%, кеңсе тауарлары 2,8% қымбаттады.

Өңірлік бөліністе бағаның ең көп өсуі Атырау (28,4%) және Абай (9%) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (6,1%) тіркелді. Ақтөбе облысында (0,1%), сондай-ақ Қызылорда және Қостанай облыстарында (өңірлердің әрқайсысында 0,7%) бағаның сәл ғана өсуі байқалды.

Сонымен қатар, бес өңірде өткен жылдың наурызымен салыстырғанда баға төмендеген. Алматы облысында кітаптар мен кеңсе тауарлары – 0,3%, Қарағанды мен Ұлытауда –  0,5%, Павлодар облысында –  6,7%, Ақмола облысында 8,9% арзандады.