Баянауылдық «Беу, жігіттер» құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Баянауылдық «Беу, жігіттер» құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады
Фото: Ансамбльдің жеке мұрағатынан

Ансамбль 40 жыл бұрын құрылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауылдың «Беу, жігіттер» халық ансамблінің мүшелері ұлттық киімде №172 сайлау учаскесіне келіп, құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.

Өнерпаздар елдің болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.

– Біз де құрылтай сайлауында өз таңдауымызды жасап, ел бірлігі мен өркениеті үшін дауыс бердік. Сахнада әуенмен елдің рухын көтерсек, бүгін таңдауымызбен болашақтың іргетасын қалаймыз. Өнер мен өнегенің дамуы, еліміздің өркендеуі әрбіріміздің қосқан үлесімізге байланысты, – дейді ансамбль мүшелері.

«Беу, жігіттер» халық ансамблі 1986 жылы құрылған. Биыл шығармашылық ұжым өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Ансамбль құрамында аккомпаниатор, домбырашылар, сылдырмақ, дауылпаз және вокал бағытында өнер көрсететін жеті жігіт бар.

Ұжым мүшелері ұзақ жылдар бойы аға буынның өнер жолын жалғастырып, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі мәдени шараларда өнер көрсетіп келеді. Ансамбль көптеген байқауларда жүлделі орындарға ие болған.

Бүгінде «Беу, жігіттер» ансамблінің өнерпаздары ұлттық өнерді насихаттап, елдік маңызды шараларға белсенді қатысып жүр.

Еске сала кетейік, өңірде сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастаған болатын.